дүйсенбі, 22 қыркүйек, 2025 19:06

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мағауиннің қабіріне зиярат жасалып, туған жерінің топырағын жеткізді

Мағауиннің қабіріне зиярат жасалып, туған жерінің топырағын жеткізді
әлеуметтік желі
Зиярат рәсіміне Вашингтондағы Kazakh American Association мүшелері қатысып, Мағауиннің рухына тағзым етті.

Вашингтонда жерленген қазақтың көрнекті жазушысы Мұхтар Мағауиннің қабіріне арнайы зиярат жасалып, туған жерінен топырақ жеткізіліп, Құран оқылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Жазушының ұлы Едіге Мағауин әкесі жатқан орынға Абай облысы Шұбартау ауданындағы Босаға өңірінен әкелінген топырақ пен жусанды қабіріне салды. Бұл – жазушыны ата қонысымен символдық түрде байланыстыруды көздейтін қазақы дәстүр.

Зиярат рәсіміне Вашингтондағы Kazakh American Association мүшелері қатысып, Мағауиннің рухына тағзым етті.

Мұхтар Мағауин – қазақ әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі, тарихи романдары мен зерттеулері арқылы ұлттық сананың жаңғыруына үлес қосқан қаламгер. Ол бүкіл ғұмырын қазақ тарихын түгендеуге арнап, 27 том еңбек қалдырды. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар