Бишімбаев соты: ұрыс Дима Биланның концертінен басталған
Бүгін Бишімбаевтың тағы бір отырысы басталды
Бүгін тағы Бишімбаевтың соты басталды. Бүгінгі сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың марқұм жары Салтанат Нүкенованың қайтыс болған күніндегі оқиға тыңдалып жатыр. Оқиғаны баяндап жатқан Бишімбаев сол күнгі ұрыстың басы Дима Биланның концертінен басталғанын айтады. Қуандық Бишімбаевтың айтуынша, ол сол күні концерттен ертерек қайтқысы келген. Сол кезде Салтанат Нүкенова: "Мені құрбымның көзінше мазаққа қалдырдың", - деп ренжіген. Бір оқиғаны үш рет қайталаған оған прокурор Айжан Аймағанова ескерту жасады. Осы кезде Бишімбаевтың қорғаушысы прокурорға наразылығын білдірді. "Сіз оқиғаны өзіңіз қалағандай айтқанын қалайсыз ба?", - деді ол.
Тыңдау әлі жалғасуда.