Руханият

Ерке Есмахан күтушілеріне ерекше сый ұсынды

Өнер иесі көмекшілерін туған күндерімен құттықтаған.

Әнші Ерке Есмахан бала күтушілеріне сыйлық беріп, жұрттың қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Өнер иесі көмекшілерінің туған күндерімен құттықтаған.

«Бүгін Исламның күтушісінің туған күні. Гүл мен сыйлық алдық. Батырдың да күтушісіне гүл мен сыйлық алдық. Екеуін бөлмейік дедік.  Екеуіне Cartier-ден бұрын жаңа телефон керек екенін білемін. Сол үшін тосынсый жасадым. Iphone 16-ны көріп, екеуі жылап қалды. Алғаш рет Iphone ұстап тұр. Екеуін жақсы көремін. Ақкөңіл, адал және қанағатшыл адамдар», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, әншінің жомарттығын көпке үлгі етті.

«Ерке сыйласа, демек керемет күтушілер екен», «Ақшам көп болса мен де бала күтушісін жалдар едім», «Ерке мен Райм ең керемет жандар. Бала бағу қиын жұмыс екенін түсінетін жандар», «Ерке тағы бала туып жатса, айтыңдаршы», «Өте керемет жомарт жан», «Өскенде Еркенің баласын бағамын», – деп жазды көпшілік.