Әскердегі ұлына тосынсый жасады
Ұлттық ұланның жанындағы ата-аналар комитеті жауынгерлердің тыныс-тіршілігімен танысты.
Ұлттық ұланның жанындағы ата-аналар комитеті Астана қаласында орналасқан 6636 әскери бөлімін аралап, жауынгерлердің тыныс-тіршілігімен танысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Әскери бөлімді аралауға келген аналардың арасында Петропавлдан келген әйелдер де болған. Бір қызығы, Ұлттық ұланның мәліметіне сенсек, әскердегі сарбаздар аналарының келе жатқанын білмеген көрінеді.
Ұлы әскерде жүрген Махаббат Бақтыбаеваның айтуынша, баласын өз көзіммен көргеннен кейін көңілі орнына түскен.