Қазақстанда ең көп салық төлейтін алпауыт компаниялар
Мұнай-газ саласындағы топ-10 салық төлеушілер бюджетке шамамен 4 трлн теңге аударды.
Мемлекеттік кірістер комитеті LS редакциясының сұрауына жауап ретінде 2025 жылдың сегіз айындағы 10 ірі мұнай-газ компаниясының бюджетке аударған төлемдері туралы деректерді ұсынды. Осылайша, салықтық төлемдердің жалпы сомасы 3,8 трлн теңгені құрады.
Аталған кезеңде ең көп қаржы аударған компания – "Теңізшевройл" – 2,3 трлн теңге (2024 жылдың сәйкес кезеңінде – 2,04 трлн теңге).
Қазақстандағы "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В." филиалы – 733,2 млрд теңге (820,49 млрд теңге).
"Маңғыстаумұнайгаз" – 164,08 млрд теңге (187,5 млрд теңге).
"Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В." филиалы – 102,6 млрд теңге (150,6 млрд теңге).
"Қаражанбасмұнай" – 84,08 млрд теңге (103,9 млрд теңге).
"Ембімұнайгаз" – 83,4 млрд теңге (111,08 млрд теңге).
"ҚазМұнайГаз" – 77,5 млрд теңге (51,3 млрд теңге).
"Өзенмұнайгаз" – 68,2 млрд теңге (111,8 млрд теңге).
"СПНС – Ақтөбемұнайгаз" – 66,6 млрд теңге (93,6 млрд теңге).
СП "Қазгермұнай" – 45,9 млрд теңге (51,2 млрд теңге).
Бұған дейін LS үш ірі компанияның төлемдер үлесі 3 трлн теңгеден асқанын жазған болатын. Ол кезде Мемлекеттік кірістер комитеті Ұлттық қордың кірістері мұнай-газ секторындағы ұйымдардың салықтық түсімдерінен қалыптасатынын атап өткен еді. Олардың көлемі ішкі де, сыртқы да факторлардың ықпалына тікелей байланысты.
LS бұған қоса, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында ел қойнауынан 49,9 млн тонна мұнай мен газ конденсаты өндірілгенін хабарлады. Бұл көрсеткіштің 19,46 млн тоннасы (155,3 млн баррель) ТШО-ға тиесілі.