Руханият

Нұрлан имам Динара Сәтжанның күйеуіне шапан жапты

Танымал дінтанушы, теолог Нұрлан Байжігітұлы журналист Динара Сәтжанның күйеуіне сыйлық жасады.

Дінтанушы кәсіпкер, меценат Жұмабек Жанқұловты қуантты. 

“Жұмабектің имамы. Жұрттар имамдарға шапан жапса, менің имамым маған шапан жапты", – деп жазды кәсіпкер.  

“Бірінші қоныс тойымыз. Ата-анамыздың ақ батасын алдық. Нұрлан имам келіп, құран оқыды”, – деп бөлісті Динара.  

Алайда желі қолданушыларына имамның бұл әрекеті ұнамай қалған. 

"Қашаннан бері жеке имам болып кеткенсіз?", "Нұрлан имам да біледі кімге жабу керегін", "Неменеге жауып жатыр?", "Ылғи байлардың жиынында жүреді осы имам", "Жеке имамы несі?", – деп жазды көпшілік.