Ұлттық кітапханада Таласбекті еске алды
Биыл жазушы, кинодраматург Таласбек Әсемқұловтың туғанына - 70 жыл.
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, аудармашы, кинодраматург, күйші Таласбек Әсемқұловтың туғанына 70 жыл толуына арналған еске алу кеші өтті, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz.
Жиынның мақсаты – ұлт руханиятына өлшеусіз еңбек сіңірген қаламгердің мұрасын дәріптеу.
Іс-шара аясында Ұлттық кітапхана қорынан жазушы еңбектеріне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, Таласбек Әсемқұловтың шығармашылығына арналған баяндамалар оқылды.
Сонымен қатар автор орындаған күйлері шертіліп, қаламгер жайында естеліктер айтылды.