Саясат

Президент Айдос Сұлтанғалиды құттықтады

"Ол – грек-рим күресінен осы ғасырдағы тұңғыш жеңімпазы".

Президент әлеуметтік желідегі парақшасында  күні кеше ғана әлем чемпионы атанған Айдос Сұлтанғалиді тарихи жеңісімен құттықтап, басқа да балуандарға сәттілік тіледі, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

«Айдос Сұлтанғалиді әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен құттықтаймын!

Ол – грек-рим күресінен осы ғасырдағы тұңғыш жеңімпаз.

Балуандарымыздың жеңісті жолды жалғастыра беруіне тілектеспін!», – деп жазды Президент Instagram парақшасында.