Әлеумет

"Реал Мадридті" жеңсе, "Қайраттың" әр ойыншысына көлік сыйлаймын": Тұрсын Алагөзов күтпеген мәлімдеме жасады

"Реал Мадрид" пен "Қайрат" Алматыда кездеседі.

Алматы күні қарсаңында қазақстандық кәсіпкер, продюсер Баян Алагөзованың жұбайы Тұрсын Алагөзов күтпеген мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ол «Қайрат» футбол клубы «Реал Мадридті» тізе бүктірсе, алаңға шыққан әр ойыншыға автокөлік сыйлайтынын жария етті.

Кәсіпкердің айтуынша, бұл кездесу жай ғана спорттық матч емес, ел үшін маңызды сәт болмақ.

Алагөзовтің бұл сөзі желіде бірден қызу талқыға түсті. Бірі кәсіпкердің батылдығын қолдаса, енді бірі «орындалмас уәде» деп қабылдап, күмәнмен қарады.