Абай облысындағы жоғалып кеткен екі адам әлі іздестіріліп жатыр
Олар күн сайын сағат 06.00-ден бастап тәуліктің қараңғы уақыты түскенге дейін іздестіру жұмыстарын жалғастыруда
Іздестіру жұмыстарына Абай облысы және Жетісу облысы ТЖД ЖҚЖ, полиция департаменті, ЖАО, Қорғаныс министрлігінің күштері мен құралдарынан, жергілікті тұрғындар - жалпы саны 63 адам, 4 жүзу құралы, 9 бірлік техника, 2 пилотсыз ұшу аппаратары, сондай-ақ полиция департаментінің бір кинологиялық есебі жұмылдырылған.
Естеріңізде болса, 26 наурыз күні сағат 09-29-да «112» пультіне Борлы өзенінен өту кезінде екі адамның өзен ортасында трактормен тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Сонымен қатар куәгерлер бірнеше рет атқа мініп, оларға көмек ұсынған. Бірақ белгісіз себептерге байланысты жоғалып кеткендер адамдар одан бас тартқан. Олар өздерін техникасымен бірге эвакуациялайды деп күткен. Осы уақытта Аягөз қаласының ЖҚЖ құтқарушылары «Шығыс» шаруа қожалығында (Аягөз қаласынан 80 шақырым жерде) іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатқан болатын. Мұнда 23 наурызда өзеннен өтіп бара жатқанда аттан құлап, 1977 жылғы ер адам суға кеткен еді. Аталған аймаққа жету қиын әрі байланыс та жоқ.