сенбі, 20 қыркүйек, 2025 13:43

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Өзіне қол салғанына сенбеймін": әскерде көз жұмған Дінмұхамед Шынарбекті жер қойнына тапсырды

"Өзіне қол салғанына сенбеймін": әскерде көз жұмған Дінмұхамед Шынарбекті жер қойнына тапсырды
ашық дереккөз
Марқұмның туыстары жігіттің өзіне қол салғанына сенбейді.

Әскерде көз жұмған 19 жастағы Дінмұхамед Шынарбекті Шымкентте жер қойнына тапсырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Марқұмның туыстары жігіттің өзіне қол салғанына сенбейді. Олар қайғылы жағдайға  біреулер кінәлі екеніне сенімді, сондықтан жіті тексеруді талап етуде. 

Отардағы әскери бөлімде егіз бауыры Даниялмен бірге қызмет етіп жүргенде Дінмұхамедті аяқасты Алматы облысына қарасты Мәтібұлақтағы бөлімшеге ауыстырған. Сарбаздың өзі басшылықтың бұл шешіміне қарсы болғанын, туыстарына да телефон арқылы бірнеше рет айтып шағымданған көрінеді.

"Дінмұхамедтің өзіне қол салуы мүмкін емес" деген марқұмның жақындары әскери бөлімде бір былықтың барын айтып, барынша қатаң тексеруді талап етеді. Сарбаздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, оқыс оқиға болған әскери бөлімде арнайы комиссия тексеріс жүргізіп жатыр.  

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар