
18 қыркүйекте Достық көшесі, 12/1 мекенжайындағы 8 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы KaRima кафесінде өрт шыққан. Әкімдік, ТЖД және қалалық Полиция департаменті бірлесіп, оқиға орнында жедел штаб құрды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.
Қала әкімдігінің мәліметінше, ТЖД мен полицияның үйлесімді әрекетінің арқасында өрт тез арада жойылды.
Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Өрт салдарынан 8 пәтер зардап шекті. Тұрғындар қаланың қонақүйлеріне уақытша орналастырылады. Сондай-ақ барлық бағытта көмек көрсетілетін болады.
Алдағы тәулік ішінде бүлінген пәтерлерді жөндеу және фасадты қалпына келтіру жұмысы KaRima кафесі иелерінің қаражаты есебінен басталады.
Жергілікті атқарушы органдар өрттің салдарын жедел жою үшін қажетті шаралардың бәрін қабылдайды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Жол апаты: Жетісу облысында қаза тапқан 10 адам бір-біріне туыс болған
- авторОймақ
- 17 қыркүйек, 2025