Иманбек Зейкенов GRAMMY сыйлығына номинанттар қатарына ілікті
Бұл туралы 17 қыркүйекте Латынамерикалық дыбазапись академиясы ресми сайтында жариялады.
Қазақстандық диджей және продюсер Иманбек Зейкенов Latin GRAMMY Awards-тың 26-шы жыл сайынғы марапаттау рәсімінің номинанттары қатарына енді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы 17 қыркүйекте Латынамерикалық дыбазапись академиясы ресми сайтында жариялады.
Павлодарлық музыканттың «Ella Quiere Techno» атты трегі аргентиналық әнші Taichu-мен бірге жазылып, «Best Latin Electronic Music Performance» («Латын электронды музыкасының үздік орындалуы») санатында ұсынылды.
«Latin GRAMMY номинацияларын жариялау біз үшін үлкен мәртебе. Бұл әртістердің, продюсерлердің, авторлар мен инженерлердің еңбегін мойындау», - деп мәлімдеді Академия.
Марапаттау рәсімі 13 қарашада Лас-Вегастағы MGM Grand Garden Arena-да өтеді. Биылғы шарада алғаш рет «Best Music For Visual Media» және «Best Roots Song» сияқты жаңа санаттар қосылады.
Айта кетейік, Иманбек 2021 жылы америкалық рэпер SAINt JHN-ның «Roses» трегіне жасаған ремиксі үшін негізгі GRAMMY сыйлығын жеңіп алып, Қазақстаннан шыққан алғашқы лауреат атанған еді.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/267587-imanbek-zeikenov-tagy-da-gremmi-syilygyna-umitker-atandy