Қоғам

Алматы облысында сарбаз өз-өзіне қол жұмсады

Қайғылы оқиға 17 қыркүйекте Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде болған.

Алматы облысында мерзімді әскери қызметте жүрген сарбаз өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 17 қыркүйекте Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде болған.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тапсырмасымен оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия жіберілді, - деп хабарлады ҚК Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі.

Құрлық әскерлер қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтып, оларға барлық қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді.