Мөлдір Мұқанова түрікше ән айтамын деп, көптің сынына ұшырады
Ол желідегі парақшасында түрік тілінде ән айтқан видеосын жариялаған.
Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова тағы да көптің талқысына түсті, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Әншілікке бет бұрған Мөлдір Мұқанова желідегі парақшасына түрік тілінде ән айтып тұрған видеосын жариялады.
Желі қолданушылары осы тұста түрлі пікір жазып, Мөлдірді сынай жөнелді.
"Қорлады-ау түрік тілін", "Нешінші әні, шатасып қалмайық", "Тұрсынбек баяғыда тастап кетуі керек еді", "Бір әнмен тоқтайсыз-ау", "Түрікше білмесем де, акцент ұрып тұрғаны сезіліп тұр", "Жаңа тіл шыққан ба, түрікшеге мүлде ұқсамайды", "Не айтып жатқанын өзі де білмейтін шығар", – деді олар.
Бұған дейін Мөлдір Мұқанова жас әнші жігітпен дуэт жазып, "Арамызда қалсын бәрі" әнінің тұсауын кескен еді.