сейсенбі, 16 қыркүйек, 2025 18:37

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Абу-Дабиде алғашқы робот-көлік мемлекеттік тіркеуден өтті

Абу-Дабиде алғашқы робот-көлік мемлекеттік тіркеуден өтті
Сарапшылар алдағы уақытта жеткізушілер мен такси жүргізушілері жұмыссыз қалуы мүмкін екенін айтуда.

Біріккен Араб Әмірліктерінде жүк пен тауар жеткізуге арналған алғашқы жүргізушісіз көлікке мемлекеттік нөмір берілді.

Сарапшылардың болжамынша, алдағы 15 жылда жеткізілімдердің кемінде төрттен бірін «роботтар» атқаратын болады. Дегенмен, технологияның дамуы бұдан да жылдам жүруі мүмкін деген пікір бар.

Сенат жанындағы сарапшылар клубының мүшесі Олжас Байділдиновтың айтуынша, жасанды интеллект, автоматтандыру мен роботтандыру болашақта бүкіл әлемде еңбек нарығына айтарлықтай әсер етіп, жұмыссыздықты арттыруы ықтимал.

"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, 2024 жылы елде шамамен 500 мың адам такси қызметінде немесе «Яндекс.Такси» секілді онлайн-платформалар арқылы жеткізу саласында жұмыс істейді. Қазақстан үшін 2030 жылдан кейін арнайы мемлекеттік бағдарлама әзірлеу қажеттілігі туындайды. Өйткені такси, қоғамдық көлік, жеткізу, логистика, құрылыс және басқа да салаларда шамамен 1 миллионға жуық адам жұмыссыз қалуы мүмкін деген болжам бар", – дейді ол өзінің телеграм парақшасында.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар