Экономика

Тұрғын үй бір жылда 11 пайызға қымбаттаған

Тамыз айында Қазақстанда 41 мыңнан астам тұрғын үй саудасы тіркелді.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, 2025 жылғы тамызда жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрінің орташа бағасы ₸538 534 құрады. Екінші нарықта – ₸558 533, ал жалдау құны – ₸4 620.

Бір жыл ішінде (2024 жылғы тамыздан 2025 жылғы тамызға дейін) жаңа тұрғын үйдің бағасы 11,3%-ға, екінші нарықтағы баға 8,8%-ға, жалдау ақысы 8,5%-ға өсті.

Өңірлер арасында бастапқа нарықтағы баға Павлодар (+25,8%), Қызылорда (+15,3%), Алматы (+15,3%) және Шымкент (+14,8%) қалаларында айтарлықтай қымбаттаған. Екінші нарықта баспана бағасы Ақтөбе (+20,2%), Павлодар (+17,8%) және Алматы (+16,6%) қалаларында қатты өсті. Ал жалдау ақысы ең көп Ақтөбе (+43,5%), Көкшетау (+21%) және Жезқазған (+20,2%) қалаларында көтерілген.

Жалпы, 2025 жылғы тамызда Қазақстанда 41 380 тұрғын үйді сатып алу-сату жөнінде келісім жасалған. Оның ішінде 8 527-сі – жеке үйлерге, 32 853-і – көпқабатты үйдегі пәтерлерге тиесілі. Бұл 2025 жылғы шілдемен салыстырғанда 4,1%-ға және 2024 жылғы тамызбен салыстырғанда 1,3%-ға көп.

Мәмілелер саны бойынша көшбасшылар – Астана (9 457 мәміле) мен Алматы (8 402), сондай-ақ Қарағанды облысы (2 923). Ең аз мәміле Ұлытау облысында тіркелген (283).