Астанада дрондарды дамытуға қатысты форумы өтті
Астанада «2024 Kazakhstan-Korea Drone Roadshow» форумы өтті
2024 жылғы 2 сәуірде Астана қаласында «2024 Kazakhstan-Korea Drone Roadshow» форумы шеңберінде ҰҰА-ны дамыту және Қазақстан-Корея дрондарды дамыту академиясын құру бойынша кеңейтілген семинар өтті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің сайтында жарияланды.
Іс-шара аясында тараптар дрондарды әртүрлі салаларда қолдану, дрон операторларын дайындау, ҰҰА-ны пайдалануды бақылау және қадағалау бойынша озық шешімдерді таныстырды. Сондай-ақ нормативтік-құқықтық құжаттардың әзірлемелерін және олардың жетілдірілген тұстарын көрсетті.
Сонымен қатар, семинарға қатысушылар өз сұрақтары мен ұсыныстарын енгізіп, ҰҰА-ны дамыту аясындағы перспективалы екіжақты ынтымақтастықты талқылады.
Бұл оқиға саланың алдына Қазақстанға пилотсыз авиациялық жүйелерді дамытып, қолданатын жетекші елдердің қатарына кіруге мүмкіндік беретін өршіл міндеттерді қояды.