Ризабек Айтмұхан алғашқы айналымда жеңіліп қалды
Хорватияның Загреб қаласында әлем чемпионаты өтіп жатыр.
Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының алғашқы айналымында жеңіліп қалды, – деп хабарлайды Olympic.kz.
Алғашқы белдесуінде ол ресейлік Магомед Курбановпен күш сынасты.
Кездесу 5:4 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды.
Начын Куулар (65 келіге дейін) қытайлық Тао Вэйді ұтып, әлем чемпионатын жеңіспен бастады.