Спорт

Бұл дода бокс тарихындағы жаңа дәуірдің бастауы болды

Ливерпуль төрінде өткен осы чемпионат жанкүйерлер жадында ұзақ сақталары анық.

Ливерпульде өткен тұңғыш Дүниежүзілік бокс чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Әлем назарын өзіне аударған бұл дода бокс тарихындағы жаңа дәуірдің бастауы болды.

Жарыстың мәресіне жеткенін қазақстандық боксшы, әлем чемпионы Геннадий Головкин (GGG) өз парақшасында атап өтті. Ол жарысты жоғары бағалап, спортшыларға ризашылығын білдірді.

Чемпионат барысында әр спортшы өз шеберлігін, қайсарлығын көрсетіп, жанкүйерлерге ұмытылмас сәттер сыйлады. Жеңімпаздардан бөлек, қатысқан барлық боксшылар да тарихтың бір бөлігіне айналды.

Сарапшылардың айтуынша, мұндай ауқымды дода алдағы уақытта халықаралық турнирлердің дамуына жол ашып, бокс әлемінде жаңа жұлдыздардың жануына себеп болмақ.

Ливерпуль төрінде өткен осы чемпионат жанкүйерлер жадында ұзақ сақталары анық.