Қоғам

"Жақ сүйегі сынған": Темірлан алдағы ойындарға қатыса алмауы мүмкін

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алматылық «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков төменгі жақ сүйегін сындырып, алдағы ойындарға қатыса алмайды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Айта кетейік, Алматыдағы «Қайрат» пен «Ақтөбе» арасындағы Премьер-лиганың 23-тур ойынында күтпеген жағдай болды. Ойынның 10-минутында алматылық клубтың негізгі қақпашысы әрі ұлттық құраманың ойыншысы Темірлан Анарбеков қарсылас Жайро Жанмен соқтығысып, ауыр жарақат алды. Қақпашының жақ сүйегі сынғаны анықталды.