Санжар Тәшкенбай екі дүркін Әлем чемпионы атанды
Ливерпульда бокстан әлем біріншілігі өтіп жатыр.
Ерлер арасындағы 50 келі салмақта Санжар Тәшкенбай моңғол Баттулга Алдаркишигпен жұдырықтасты, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz сайты. Нәтижесінде, ол қарсыласын ойсырата жеңіп, жеңімпаз атанды.
Сөйтіп, С.Тәшкенбай алтыннан алқа тағынып, екі дүркін әлем чемпионы атанды.