Саясат

Президент Рим Папасы XIV Леоға құттықтау жеделхатын жолдады

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президент Рим Папасы XIV Леоны 70 жасқа толуымен құттықтап, оның халықтар арасындағы татулық пен дінаралық диалогты нығайтуға, сондай-ақ толеранттылықты дәріптеуге сіңірген өлшеусіз еңбегін ерекше атап өтті, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Киелі Тақпен ынтымақтастықты одан әрі арттыруға ниетті екенін жеткізді.