Әлеумет

Баласының қарызын анасы төледі

Еркек жазадан құтылып кетті

 

Павлодар облысында ер азаматтың қарызын анасы төлеген. Оның алименттік қарызы төрт миллионға жуықтаған. Әке баласына алимент төлеуден жалтарған. Тіпті сот шешімі болса да, қарызын төлегісі келмеген. 

Ер адамды өз міндеттерін орындауға мәжбүрлеу әрекеттерінің бәрі нәтижесіз болып, ақырында іс қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Ақырында анасы ұлының түрмеге түсуіне жол бермеу үшін қарызын өзі төлеген. Сөйтіп еркек жазадан құтылып кетті.