Әлеумет

Қазгидромет дауыл болатынын ескертті

Бұл туралы Қазгидромет баспасөз қызметі жариялады.

13 қыркүйекте Қазақстанның 17 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК..

Жетісу облысы – найзағай, бұршақ, екпінді жел (15–20 м/с), өрт қаупі жоғары.

Алматы облысы – найзағай, тұман, бұршақ, желдің күшеюі, өрт қаупі өте жоғары.

Түркістан облысы – найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл, 15–20 м/с жел, төтенше өрт қаупі.

Жамбыл облысы – найзағай, бұршақ, екпінді жел (15–20 м/с).

Шығыс Қазақстан облысы – найзағай, бұршақ, екпінді жел.

Абай облысы – найзағай, бұршақ, екпінді жел.

Қарағанды облысы – найзағай, бұршақ, екпінді жел; түнде топырақ бетінде 2°С дейін аяз.

Қостанай облысы – найзағай, бұршақ, екпінді жел; түнде 2°С дейін аяз.

Ақмола облысы – найзағай, бұршақ, екпінді жел; түнде 2°С дейін аяз.

Павлодар облысы – найзағай, бұршақ, екпінді жел.

Атырау облысы – найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл, өрт қаупі жоғары.

Қызылорда облысы – найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл, төтенше өрт қаупі.

Солтүстік Қазақстан облысы – түнде топырақ бетінде 2°С дейін аяз.

Батыс Қазақстан облысы – төтенше өрт қаупі.

Синоптиктердің айтуынша, ауа райының қолайсыздығы тұрғындардың күнделікті өміріне әсер етуі мүмкін. Сол себепті төтенше жағдай қызметтері қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.