Спорт

Айбек Оралбай екі дүркін Олимпиада чемпионы Ла Крузды жеңді

Ливерпульда Әлем чемпионы өтіп жатыр.

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалына өтті, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы 90 келіден жоғары салмақта екі дүркін Олимпиада чемпионы Хулио Сезар Ла Крузбен (Куба) өзара мықтыны анықтады.

Айбек Оралбай алғашқы раундтан-ақ тізгінді қолына алды. Екінші және үшінші кезеңде басымдығын сақтап қалған жерлесіміз жеңіске жетті.

Осылайша, Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) әлем чемпионатының алдын жүлдесі үшін бақ сынайды.