Назым Қызайбай әлем біріншілігінің жартылай финалына жолдама алды
Ол кем дегенде қола медальді еншілеп отыр.
Қазақ боксшысы Назым Қызайбай Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымдастырған әлем чемпионатының ширек финалында шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Sportinside.kz. сайтына сілтеме жасап.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен 1/4 финалдық кездесуде Қызайбай украиналық Анна Охотамен күш сынасып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімі бойынша жеңіске жетті.
Осылайша, Назым Қызайбай әлем біріншілігінің жартылай финалына жолдама алып, кем дегенде қола медальді еншілеп отыр. Ал оның қарсыласы Анна Охота жүлдеге қол жеткізе алмады.
Айта кетейік, Қызайбай – 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, әлемнің үш дүркін чемпионы (2014, 2016, 2025) және 2021 жылғы Азия чемпионы. Ал Анна Охотаның әуесқой бокстағы ең ірі жетістігі – 2018 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдесі.