22 жастағы жігітке анасына зорлық жасады деген айып тағылды
Таразда әйел 22 жастағы ұлын өзін зорлады деп айыптады. Полиция зорлау дерегі бойынша тергеу бастады.
Әйел өз баласының үстінен полицияға арыз жазған. Тәртіп сақшылары жедел іс-шаралар кезінде 22 жастағы күдіктіні ұстады.
“Қазір істі жан-жақты, толық әрі объективті тергеу үшін барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр”, — деп түсіндірді ведомство.
Полиция департаментінің өкілдері тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жарияланбайтынын жеткізді.