Еліміздің 7 өңіріндегі өзендерде су деңгейінің көтерілгені байқалады – Нысанбаев
Бірақ су тасқыны қаупі әлі күнге дейін сақталады
Еліміздің 7 өңіріндегі өзендерде су деңгейінің көтерілгені байқалады
«Ең үлкен су тасқындары Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының және Қостанай облысының оңтүстік бөліктерінің өзендерінен өтуде. Бірақ су тасқыны қаупі әлі күнге дейін сақталады. Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Ұлытау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары және Қостанай облысының солтүстік жартысындағы өзендерде су деңгейінің көтерілуі әрі қауіпті белгілерден асуы байқалады», - деді Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.