дүйсенбі, 8 қыркүйек, 2025 13:07

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Түркістан облысында әкесін қорлаған ер азамат қамауға алынды

Түркістан облысында әкесін қорлаған ер азамат қамауға алынды
скрин
Оқиғаның мән-жайы әлеуметтік желіге тарап кеткен.

Түркістан облысында әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Видеода ер адам өз әкесін ұрып-соғып, ауыр сөздер айтқаны анық көрінеді,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Облыстық полиция департаменті оқиғаға байланысты ресми түсініктеме берді.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, олардың нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады», – делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Әлеуметтік желілерде жарияланған жазбаларда қарияның жүйелі түрде таяқ жеп келгені және қайтыс болғаны айтылады. Видеоны күдіктінің әкесі көз жұмғаннан кейін көршісі жариялағаны жөнінде де мәлімет тарады. Алайда бұл деректерге қатысты полиция әзірге түсініктеме берген жоқ.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес («Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу»), тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар