Әлеумет

"Екеуі пышақ ұстап тұрды": Талғардағы елді дүр сілкіндірген ауыр қылмыстың мән-жайын айтып берді

Қанды оқиғаның қалай болғанын марқұмның жары айтқан.

Алматы облысының Талғар ауданы, Қызылқайрат ауылында елді дүр сілкіндірген ауыр қылмыс болды. Қызды зорлап, интимдік суреттері мен видеоларын тартып, қоқан-лоқы көрсеткен ер адамды ауыл тұрғындары полицияға ұстап тапсырғанымен, Талғар аудандық полициясы күдіктіні қамауға алмай, босатып жіберген,  деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Арада бір күн өткен соң күдікті жанына екі-үш жігітті ертіп, қыздың үйіне қайта оралды. Жолай дүкенге бара жатқан 30 жастағы Ернарды көліктен түсіп, көшенің қақ ортасында жүрек тұсынан екі рет атып өлтірген. Кейін үйге кіріп, отбасы мүшелерін қорқытып, 3 жасар бүлдіршінді кепілге алған. Бұл туралы жәбірленуші тарап журналист Руслан Өтепбайға айтып берді. 

Қанды оқиғаның қалай болғанын марқұмның жары айтып берді

Марқұмның әйелі Балзия Әбілаеваның айтуынша, үйге үш ер адам кіріп келген.

Қайғыдан қан жұтқан анасы да болған жайтты растады:

Артында үш бала мен аяғы ауыр жары қалды

Қызылқайраттағы қанды қылмыстан мерт болған Ернар – зорлық көрген қыз Аружан Тұрғанбектің туған ағасы. Артында үш баласы мен аяғы ауыр әйелі қалды.

Балзия Әбілаеваның айтуынша, сол күні олар базарға баруға жиналып жатқан.

Қылмыстық іс қозғалды

Қайғылы оқиғадан кейін облыстық прокуратура мен полиция қылмыстық іс қозғады. Арнайы прокурорлар істі өз бақылауына алған.