сенбі, 6 қыркүйек, 2025 13:53

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мопед мінген әйел жүк көлігіне соғысқан

Мопед мінген әйел жүк көлігіне соғысқан
Pixabay.com
Оқиға орнында көз жұмды.

Бүгін таңертең Алматының Жетісу ауданында қайғылы жағдай болды. Таңғы сағат 8:50 шамасында Howo маркалы жүк көлігі мопедпен соқтығысқан. Мопедті тізгіндеген 54 жастағы әйел алған ауыр жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Жүк көлігінің жүргізушісі тергеліп, жол қозғалысы ережелерін сақтауына қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр.

Құқық қорғау органдары жүргізушілерді жолда барынша мұқият болуға, әсіресе таңғы қарбалас уақытта қауіпсіздікті қатаң сақтауға шақырды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар