сенбі, 6 қыркүйек, 2025 0:17

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жанабыловтың курсын шенеуніктер де сатып алған

Жанабыловтың курсын шенеуніктер де сатып алған
Фото әлеуметтік желіден
Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта «Элёр» жеке кәсіпкерлігі арқылы заңсыз лотерея ұйымдастыру ісі қаралып жатыр.

Блогер Ерболат Жанабыловтың ісі бойынша сот процесінде Туризм және спорт министрлігіне қарасты Ойын бизнесін реттеу комитетінің өкілдері де блогердің курсын сатып алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта «Элёр» жеке кәсіпкерлігі арқылы заңсыз лотерея ұйымдастыру ісі қаралып жатыр.

30 мың теңгелік курс және 11 көлік ұтысы

Блогер Жанабыловтың курсын осы уақытқа дейін шамамен 6 мың адам сатып алған. Бағасы – 30 мың теңге. Блогер дәл осы курсты саудалап, оны алғандар арасында 10 автокөлік және өзге де бағалы сыйлықтар, ал таратқандар арасында 1 автокөлік ұтысқа тігілген.

Сотқа жеткен шағым

Сот материалдарына сәйкес, 2025 жылғы 21 тамызда министрлікке азамат С.-ның арызы мен Қаржылық мониторинг агенттігінің хаттамасы түскен. Құжатта Instagram-дағы «zhanabylov_e» аккаунты арқылы заңсыз ұтыс ойындары өткендігі жазылған.

«Іс материалдарына сәйкес, Жанабылов аталған парақшада жүйелі түрде ақшалай қаражатты, 10 автокөлікті және өзге де бағалы сыйлықтарды ойнатқан. Ойынға қатысу шарттарының бірі - Жанабыловтың жұбайы басқаратын «Zhana Business» ЖШС-нің «оқыту курстарына» 30 000 теңге төлеу болған. Жеңімпаздар «сәттілік барабаны» құрылғысы арқылы кездейсоқ таңдау әдісімен анықталған, бұл өз кезегінде лотерея қызметінің белгілерін көрсетеді. Істі қарау барысында Комитет Жанабыловты оқыту курстарын сату түріндегі лотереяны заңсыз ұйымдастырып, өткізгені үшін ҚР лотерея туралы заңнамасын бұзды деп тануды және оны әкімшілік жауапкершілікке тартуды сұрап, сотқа өтініш білдірді», - делінген сот хабарламасында.

Комитет не дейді

Судья Малика Ноғайбекова комитет өкілдерінен ұтыс ойынын тексеру әдісін нақтылады.

«Бақылау үшін біз өзіміз курс сатып алдық. Оның ішінде тоғыз бейнеролик бар, Қытайдан тауар алуға арналған маркетплейстерді пайдалану жолдары түсіндіріледі. Алайда олардың мазмұны формалды ғана. Мұндай бейнематериалдар ашық қолжетімді, кез келген сайтта бар», – деді комитет өкілі Асылбек Мұстафаев.

Ал Жанабыловтың өкілі соттан жеке қаулы шығаруды және әкімшілік істі тоқтатуды сұраған.

Келесі сот отырысы 2025 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар