Әлеумет

Қоғамда орында оранып жүре алмайсыз: заң ресми күшіне енді

Бұл заң нормалары тек қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

12 шілдеден бастап Қазақстанда адамның бет-әлпетін толық жабатын киім киюге тыйым салатын заң нормалары ресми түрде күшіне енді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. 

Заңның мақсаты

ІІМ мәліметінше, бұл түзетулердің басты мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті арттыру және бейнебақылау камералары арқылы азаматтарды тану мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Қандай киімдерге тыйым салынады?

балаклава;

медициналық мақсаттан тыс маска;

никаб;

бет-әлпетті анық көруге кедергі келтіретін өзге де киім түрлері.

Ерекшеліктер

Тыйым келесі жағдайларда қолданылмайды:

медициналық себептерге байланысты;

ауа райының қолайсыздығына байланысты;

қызметтік және еңбек міндеттерін орындау кезінде;

азаматтық қорғаныс шаралары барысында;

спорттық, мәдени және бұқаралық іс-шараларда.

Діни киімге қатысты түсініктеме

ІІМ атап өткендей, жаңа ережелер адамның жүзін жаппайтын діни киімдерге – хиджаб, шейла, химар, аль-амира – қатысты емес. Полиция бұл түзетулер азаматтардың құқықтары мен діни сенім бостандығын шектемей, тек қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты.