жұма, 5 қыркүйек, 2025 0:33

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ерке Есмахан Ләйлә Сұлтанқызынан жалған ақпарат таратпауын сұрады

Ерке Есмахан Ләйлә Сұлтанқызынан жалған ақпарат таратпауын сұрады
instagram
Журналист пластикалық ота жасайтын хирургтарды сұхбатқа шақырып, бет-әлпетін өзгерткен әншілер туралы талқылаған еді.

Әнші Ерке Есмахан журналист Ләйлә Сұлтанқызына ренішін білдіріп, жалған ақпарат таратпауын сұрады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Айта кетейік, Ләйлә Сұлтанқызы сұхбатқа пластикалық ота жасайтын хирургтарды қонаққа шақырып, бет-әлпетін өзгерткен әншілерді талқыға салған. Оның арасында Ерке Есмаханның есімі де айтылды.

 Өнер иесі аталған жағдай қатты ашуына тигенін айтып, желіде жазба қалдырды.

«Ләйлә ханым, сіздікі жәй ма? Сұқбаттарыңызда айтып отырған қорқынышты нәрселердің ешбірін мен бетіме жасатпағанымды сіз өте жақсы білесіз. Менімен жақын сыйлас, сырлас әпкем ретінде өтірікке жол бермеудің орнына, өзіңіз талқыға салып отырғаныңыз таңғалдырды.

Мен артымнан айтылатын әңгімелерге мән бермеймін негізі. Өйткені, өзімнің қандай екенімді өзім ғана білемін! Бірақ, өмірде жақын деп жүрген жандардың менің атымды хайп пен қаралымға пайдаланғаны ұнамайды. Себебі өзім ондай адам емеспін.

Жарайды, аман болыңыз», – деп жазды Е. Есмахан.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар