Мәжіліс жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады
Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
Мәжіліс депутаттары палатаның бүгінгі жалпы отырысында жаңа заң жобаларын жұмысқа алды, - деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Мәжілістің тиісті комитеттері мынадай жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады:
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сайлауды жетілдіру мәселелері жөніндегі ілеспе түзетулер;
2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы;
республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы;
Цифрлық кодекс жобасы мен оған ілеспе түзетулер;
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға енгізілетін түзетулер;
Қырғызстанмен және Мароккомен бірқатар халықаралық шартты ратификациялау туралы заң жобалары.