
Алматыда әйелді шетелге заңсыз әкету әрекетіне жол берілмеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Прокуратураның мәліметінше, әйел шетелдік Ханифа есімді әйелмен ұзақ уақыт хат алмасып жүрген. Ол оны Таяу Шығысқа көшуге үгіттеп, тиімді жұмыс шарттарын уәде еткен
Алматылық келіншек туыстарына хабарламай, жеке өзі Оман Сұлтанатына ұшып кеткен. Алайда елдің халықаралық әуежайына келген сәтте Алматы прокуратурасының, қаладағы ҰҚК департаментінің, Интерпол мен Қазақстан елшілігінің бірлескен іс-қимылы арқасында ол ұсталды. Сол күні ол елге қайтарылды.
«Қазақстандықтар шетелде жұмысқа орналасу жөнінде ұсыныстар алған кезде барынша сақ болуы қажет. Ақпараттың шынайылығын тексеріп, алаяқтар мен адам саудагерлерінің құрбанына айналмауға тырысыңыздар», — деді Алматы прокуратурасы.
Құқық қорғау органдары кез келген күмәнді жұмыс ұсынысын ресми дереккөздер арқылы тексеру қажеттігін және лицензиясы мен кепілдігі жоқ делдалдармен байланысудан аулақ болуды ескертеді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.