
Астана қаласының прокуратурасы екі жеке сот орындаушысының қаражатты заңсыз иемдену фактісін анықтады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, олар екі жыл бойы әкімшілік айыппұлдарды өтеуге және мемлекеттік қазынаны толықтыруға тиіс қаражатты өз мақсаттарына жұмсап келген. Ақшаның бір бөлігі тіпті құмар ойындарға салынған.
Сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың да қаржысы жымқырылған. Жалпы шығын көлемі 26 миллион теңгеден асты.
Аталған сот орындаушыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып, кейін олар келтірген залалды толығымен өтеді. Тергеу қорытындысы бойынша уәкілетті орган оларды лицензияларынан айыруға кіріседі.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.