сәрсенбі, 3 қыркүйек, 2025 0:48

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Асхат Оралов жаңа қызметке тағайындалды

Асхат Оралов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ол Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып, қызметке тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімі негізінде облыс әкімінің өкімімен Асхат Оралов Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Асхат Раздықұлы Оралов 1990 жылдың 10 ақпанында Павлодар облысында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, сондай-ақ Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (МГИМО) тәмамдаған. PhD докторы ғылыми дәрежесіне ие.

Еңбек жолын 2011 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімінде бас маман болып бастаған.

2023 жылғы 4 қаңтарда Президент жарлығымен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындалды. 2024–2025 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар