Саясат

Кәсіпкерден 60 миллион теңге көлемінде пара алған

Қаладағы Еңбекші ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Ерік Тіленшин және әкімдіктің бас маманы (аты-жөні белгісіз кәсіпкер) айыпталып отыр.

Қаладағы Еңбекші ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Ерік Тіленшин және әкімдіктің бас маманы (аты-жөні белгісіз кәсіпкер) айыпталып отыр. 

Мәліметтерге сүйенсек, жемқорлыққа қарсы қызметкерлер анықтағандай, шенеуніктер өзара сөз байласып, мегаполисті абаттандыру жұмыстарын жүргізу кезінде кәсіпкерден 60 миллион теңге көлемінде пара алған. 

Сонымен қатар әкімнің орынбасары мен оның қарамағындағы қызметкер қорымдарды күтіп ұстауға бюджеттен бөлінген 28 миллион теңгені жымқырған.

Айта кетейік, сот үш айыпталушыны кінәлі деп таныды, ең ұзақ жазаны Ерік Тіленшин алды, ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Әкімдіктің бас маманы 10 жылға сотталды, ал кәсіпкер үш жыл ғана жазасын өтейді. Оларға мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салынды.