"Сен – періштесің!": Оразалы Досбосыновтың ұлы әкесі туралы жылы естелігін жазды
Ақынның ұлы ата-анасын сағынғанын айтты.
Ақын Оразалы Досбосыновтың ұлы әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм әкесі мен анасының суреттерін жариялап, жылы естелігін жазды.
Ол суретпен бірге ақынның айтқан сөздерін жазып қойған.
"Мендегі ақтық сауалдың сүтін сауар кім?
Қозы мен Баян қауышып жатқан мазардың.
Есігін еркем сенімен бірге қағармын,
Не дейсің, Ажарым?!
Саған деген көңілім ақ, арам емеспін.
Сен бірақ та мен үшін адам емессің,
Сен - Періштесің!
Әке болғанға мақтанба, бірінші адам бол. Әке дегізген жарыңды құрметте", - деген өлең жолдары бар.
Ақынның ұлы ата-анасын сағынғанын айтты.
Желі қолданушылары жылы лебізін жеткізіп, қолдау білдірді.
"Әр сөзі атқан оқ еді марқұмның", "Мұндай ақын қайта туылмайтын шығар", "Қоғамға керек адам еді", "Сөздің мәйегін теріп айтатын", "Қазақтың ағып кеткен жұлдызы, жаның жәннәтта болсын", - деп жазды желі қолданушылары.