Жиенбайға қатысты істің басқа қылмыстық іске ұқсастығы болуы мүмкін
"Антикорға беремін деп қорқытты" деген сөз шындыққа жанаспайды.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек Берденовке оқ атқан Жиенбайға қатысты істің басқа қылмыстық іспен ұқсастығы болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Құранбектің сөзінше, бұл іс Шымкент қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының бұрынғы басшысы Арман Әбдешовке қатысты қозғалған қылмыстық іске ұқсап отыр.
Сонымен қатар ол сот процесінде айтылған «қызметкерлерді Антикорға беремін деп қорқытты» деген сөздердің шындыққа жанаспайтынын атап өтті.