Қоғам

Қостанай облысы мен Батыс Қазақстанда тағы су тасқыны бола ма – Қазгидромет

Батыс Қазақстанға Ресей аумағынан тасқынның екінші кезеңі келе жатыр.

Қазгидрометтің хабарлауынша, Қостанай облысы мен Батыс Қазақстанда тағы су тасқыны күтіліп отыр. Бұл туралы Ulysmedia  kz телеграм каналы жазды. 

Бұл жайлы үкімет кулуарында Қазгидромет мекемесі басшысының орынбасары Серік Сайыров айтқан.  Оның айтуынша, Батыс Қазақстанға Ресей аумағынан тасқынның екінші кезеңі келе жатыр.