Сәбина Алтынбекова маңызды шешім қабылдағанын айтты
Ол ouTube-тағы «Dinara Satzhan» арнасына сұхбат берді.
Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова YouTube-тағы «Dinara Satzhan» арнасында берген сұхбатында «Астана» клубына ауысатынын және Қазақстан кубогына қатысатынын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
- Менің естуімше, қыркүйек айында жаңа маусымда «Астана» сапында ойнамайды екенсің. Араға бірнеше жыл салып, отандық волейболға оралады екенсің. Мұнда сен болмағалы алты жыл өтті. Неліктен үзіліс ұзаққа созылды?
- Бұл шынымен де үлкен әрі ұзақ үзіліс болды. Мен «Астана» командасы үшін Қазақстан кубогында ойнайтыныма өте қуаныштымын. Үзіліс белгілі бір себептерге байланысты болды, түсінбеушіліктер де болды. Сондықтан алты жыл бойы Қазақстанда ойнамадым. Оның үстіне тұрмысқа шығып, бала сүйдім, сондықтан бәрі осылай өрбіді, – деді Алтынбекова.
Айта кетейік, былтыр қазан айында Алтынбекова Индонезияның «Йога Фэлконс» клубымен келісімшартқа отырған болатын.