Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барды
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысын Манас халықаралық әуежайында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қарсы алды, – деп хабарлайды Ақорда.
Ертең президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің жетінші отырысына қатысады.