Саясат

Баланы мектептен мектепке ауыстыруды EGov порталы арқылы рәсімдеуге болады

Баланы мектептен мектепке ауыстыруды EGov порталы арқылы рәсімдеуге болады

Ата-аналар мен заңды өкілдер баланы бір мектептен екінші мектепке ауыстыруды eGov.kz порталы арқылы жүзеге асыра алады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті,.

Онда тұрғылықты жері бойынша немесе одан тыс кез келген білім беру ұйымын таңдап, өтінішті электронды түрде беруге мүмкіндік бар. Бұл қызмет есептен шығару және бекіту талондарын, сондай-ақ жеке іс құжаттарын тапсыруды талап етпейді. Өтініш беруші оқу тілін таңдап, қажет болса, өтінішін қайтарып ала алады, – делінген хабарламада.

Қызметті алу үшін:

• eGov.kz порталында тіркелу;

• "Білім" → "Орта білім" бөлімінде "Балаларды мектептен мектепке ауыстыру" қызметін таңдау;

• Өтінішті толтырып, ЭЦҚ көмегімен қол қою;

• Нәтижемен Жеке кабинетте танысу керек.