Қоғам

Дженнифер Лопес жеке парақшасында қазақ тіліндегі әнді бөлісті

Дженнифер Лопес жеке парақшасында қазақ тіліндегі әнді бөлісті

Тамыз айында елімізге келіп концерт қойған Дженнифер Лопес жеке парақшасында қазақ тілінде шырқалған әнді бөлісті. 

Қазақстандық блогер, орындаушы Мөлдір Байбуринова әлемдік жұлдыздың Ain’t Your Mama хитіне жасаған қазақша каверін ұсынды. 

Мөлдір танымал композицияның қазақ тіліндегі нұсқасын жазып, әлеуметтік желіге жүктеген еді. Қысқа уақытта бейнежазба көпшіліктің назарын аударып, ақырында Дженнифер Лопестің де көзіне түсті. Ол 248 миллион оқырманына қазақ тіліндегі әнді бөлісті. 

“Мен қазір Джей Лоның сторисінде тұрмын. Барлығыңызға алғыс айтамын!" – деп қуанышын бөлісті Мөлдір Байбуринова.

Айта кетейік, Алматы әкімдігінің мәліметінше, концерттен түскен табыс 10 миллиард теңгеден асты, ал бюджетке салық түрінде шамамен 600 миллион теңге түседі екен. 

"Алматыға концерт кезінде келген шетелдік қонақтардың шығыны ғана қалаға 5 миллиард теңгеден астам қаржы әкелді деп болжанып отыр. Барлық көрерменнің шығыны мен жанама түсімдерін есепке алғанда, туризм басқармасының алдын ала болжамы бойынша концерттен түскен жалпы қаржы айналымы 10 миллиард теңгеден асады", – делінген хабарламада.