Спорт

ҚПЛ: «Жетісу» командасына техникалық жеңіліс жазылды

«Жетісу» командасына Қазақстан Премьер-лигасының ХХ турындағы «Оқжетпеске» қарсы кездесуіне қатысты шаралар қабылданып, талдықорғандық клубқа техникалық жеңіліс жазылды.

Бұл ойында телдықорғандық клуб Қазақстан чемпионаты регламентін 6.56 тармағын сақтамағаны үшін жазаланды. Аталған тармақта бір футболшының әртүрлі команда құрамында бір турдың ойынына қатыса алмайтыны көрсетілген.

Ойыншы Нұрбол Әнуарбеков бұдан бұрын алдын ала өткізілген ХХ турда елордалық «Жеңіс» сапында Алматының «Қайратына» (09.05.2025 ж.) қарсы кездесуде жасыл алаңға шыққан еді. Сондай-ақ ол «Жетісу» және «Оқжетпес» (11.08.2025 г.) ойынына қатысты. Бұл тиісті талапты сақтамаушылық болып саналады.

Айта кетсек, «Жетісу» және «Оқжетпес» кездесуінде талдықорғандық команда 2:1 есебімен басым түскен еді. Ойын барысында Нұрбол Әнуарбеков негізгі құрамда алаңға шығып, 77-минутта қақпаны дәл көздеді. Оны 88-минутта талдықорғандық клуб сапынан басқа футболшы алмастырды.

Енді «Жетісу» алдағы тур ойынын 17 тамызда өз алаңында «Атырау» командасына қарсы өткізеді.