Тағы бір супержұлдыз: танымал әнші Шакира Қазақстанда өнер көрсетуі мүмкін
- авторОймақ
- 4 тамыз, 2025
- 488
Қазақстандық Камиль Байрамовтың Instagram желісіндегі парақшасында Дженнифер Лопестің Астанадағы концертін ұйымдастырған қазақстандық продюсер Мәлік Хасеновпен сұқбат жарияланды. Әңгімелесу барысында Байрамов желі қолданушыларының өтінішін – тағы бір әлемдік супержұлдыз Шакираның елге концерттік сапары болса деген тілегін жеткізді.
"Мен сіздерге құпияның шетін ашайын. Біз онымен келіссөз жүргізіп жатырмыз, құдай қаласа, күзде аяқтаймыз", - деді Хасенов.
Айта кетейік, биыл сәуірде Мәдениет министрі Аида Балаева Лара Фабиан мен Шакираның концертіне барғысы келетінін айтқан болатын.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Қосшыда 5 жасар бала суға батып кетті
Ұқсас жаңалықтар
Мөлдір Әуелбекова 10 жылдан кейін бұрынғы күйеуін кешіргенін айтты
- авторОймақ
- 11 наурыз, 2026
"Өмірімнің жаңа парағы": Әбілмансұр Серіков сүйіктісімен неке қиды
- авторОймақ
- 10 наурыз, 2026






