жұма, 1 тамыз, 2025 13:45

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қостанай облысының 98 ауылында алғаш рет асфальт пайда болады

Қостанай облысының 98 ауылында алғаш рет асфальт пайда болады
Фото: Видеодан скриншот
Қостанай облысында жергілікті және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге 100 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл 1400 шақырымға жуық жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарды ретке келтіруге мүмкіндік береді.

98 ауылда алғаш рет асфальт жолдар мен тротуарлар салынады. Республикалық аймақтарда ең қымбат жобалар жүзеге асырылып жатыр,  жол төсемі ауыстырылып, көпірлер қайта жаңартылады, су өткізгіш құбырлар орнатылып жатыр.

Жоба қазанда аяқталуы қажет. Асфальт жабынының қызмет ету мерзімін ұзарту мақсатында 30 автоматты таразы орнатылады. Бұл ауыр жүк көліктерінің қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді.

“Биыл шілде айынан бастап көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері салмақ көрсеткіштерін бұзған көлік жүргізушілерін жауапкершілікке тарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. 13 ұйғарым жасалып, 3,9 млн теңге айыппұл салынып, оның 3,2 млн теңгесі өндірілді”, – деді Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Алмаз Есенжолов.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар